Ринат Заитов басшылық ететін, төл өнеріміз бен дәстүрімізді ұлықтап жүрген «Алатау...
«Жаңа адамдар»: «Қазақстан - бар ғұмырым» атты бірінші жастар конвентін өткізеді (ВИДЕО)
"Жаңа адамдар" ҚБ
13 шілдеде Астана қаласындағы «EXPO» алаңында «Жаңа адамдар» жастар қоғамдық бірлестігі «Қазақстан - бар ғұмырым» атты бірінші жастар конвентін өткізеді. Бұл туралы "Жаңа адамдар" жастар қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды.
Қазақстан деген не? Бұл ең алдымен - адамдар. Жаңа Әділетті Қазақстан - біздің бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз. Өзіміз өмір сүріп жатқан елді қалай көретініміз және оны біздің арманымызға сай ету үшін жасайтын әрекетіміз, дейді жаңа адамдықтар.
Олар таратқан хабарламада айтылғандай, кез келген өзгерісті бастау үшін бірінші қадамды жасайтын адамдар табылады: олар - өзгерісті өзінен бастайтын және өзгелерді артынан ілестіре алатын жандар.
Мұны қалай жасауға болады? Ең әуелі біз бәріміз кездесуіміз керек. Әлеуметтік желілерде емес, бетпе-бет. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең белсенді жастар бір жерге жиналып, Жаңа Әділетті Қазақстан қандай болуы тиіс екендігі туралы өз жобаларын, түсініктерін талқыға салуы аса маңызды. Әрбіріміз оны жақындату үшін не істей алатынымызды талқылайтын боламыз.
Бір алаңда алғаш рет белсенді азаматтық ұстанымы бар жас, креативті, шығармашылық адамдар бүкіл елге: «Қазақстан – бар ғұмырым!»,- деп жариялау үшін бас қосатын болады.
Сені бірегей білім беру бағдарламасы, бір жерде жиналған елдің үздік фестивальдары, акционисттер жарысы, танысу нүктелері және көлденең байланыстар рейтингі күтеді.
Бірінші жастар конвентін қазақстандық үздік әртістердің ерекше өнер көрсетуі қорытындылайды.
Елдің белсенді жастары қатыса алады. Ол үшін convention.kz сайтына тіркел және бейнежазба түсір. Онда өзің туралы айтып, «Мен неге конвентке барамын?» сұрағына жауап бер. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге #конвенткебарамын хэштегіменбелгіле және өз қалаңдағы Конвент кампусынан билет ал.
Сендерді жылдың маңызды оқиғасында күтеміз!, делінген хабарламада.