Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханада қаза тапты

Сурет: ҚР ТЖМ "Республикалық жедел-құтқару жасағы" ММ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2599

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі ұялы телефонын әжетханаға түсіріп алып, оны алып шығуға тырысқанын жазып жатыр. Ал екінші ер адам біріншісін құтқарғысы келген.

"Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз", - деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Щучье қаласында ер адам бұрынғы қызын өлімші етіп сабап, мерт қылды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

33 жыл бұрын (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис ТЕН дүниеге кел...