Жел, тұман, боран: Жұмадағы ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2650

13 желтоқсанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте қарлы боран соғады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тек елдің оңтүстік шығысында, шығысында антициклон әсерінен күн ашық болуы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста, солтүстік батыста көктайғақ болуы ықтимал.

Жетісу облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да күшті соғуы мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. күндіз ауа температурасы -2-4°C, желдің жылдамдығы 99-14, кей уақыттарда екпіні 15-20м/с. 

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы 0,+2°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +8+10°C, желдің жылдамдығы 8-13м/с.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...