Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласындағы мешіттердің бірінде болған жағдайға қатысты Эммануэлла Наурызба...
Енді Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады
2715
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
kriadera.kz
Министрдің айтуынша, осы күндері басқа елдерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданды, – деді Светлана Жақыпова.
Сондай-ақ министр Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді де жоспарлап отырғандықтарын айтты.