«Тіл-халық рухы» атты республикалық ашық есік күні өтті

Фотосурет ұсынылды

Аймақтар
582

Қостанайда «Тіл-халық рухы» атты республикалық ашық есік күні өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі.

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш білім министрі, тіл жанашыры Шайсұлтан Шаяхметовтың 85 жылдығы. 

Мерейтойға орай, Шәкеңнің туған жері Қостанай өңірінде облыс  әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы 27-28 маусым аралығында «Тіл-халық рухы» атты республикалық ашық есік күнін ұйымдастырды. 

Өзара тәжірибе алмасу мен оқытушылардың кәсіби шеберліктерін  дамыту мақсатында өткен шараға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Жетісу - «Тіл» оқу әдістемелік орталығы,  Жамбыл, Қызылорда және Қостанай өңіріндегі тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.  
Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Әбдірахманов іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

«Қазіргі таңда өңірде мемлекеттік тілге деген қызығушылық артып келеді. Осы ретте, тіл оқыту орталықтарының қоғамдағы оң бағыттарды қолдап, тіл үйретуде әдістемелік көмек көрсетуі маңызды. Ұйымдастырылып отырған өзара тәжірибе алмасуға арналған бүгінгі шара сонысымен құнды деп білемін. Осы арқылы Шайсұлтан Шаяхметұлының ана тілімізді дамыту бағытындағы ізгі істерін жалғастырамыз. Тұлғаның мерейтойына орай өткен бұл шара тек бастамасы ғана, алда тіл жанашырының 85 жылдығына орай ауқымды іс-шаралар жоспарлануда», –  деді қатысушыларға алғыс айтып. 

Сонымен қатар, Астана, Атырау, Шымкент қалаларындағы тілге қатысты мекемелер  онлайн ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып өз әсерлерімен бөлісті.

Жаңалықтар

Трансгендер, блогер Амилай көшеде ер балалармен төбелесіп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке қ...

Ауа райы

Синоптиктер 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды madeniportal....