Өміршең Үндеу

АССАМБЛЕЯ
1242

Жуырда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім кеңестерінің қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудағы рөліне» арналған Республикалық Форумы болып өтті. Форум аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін айта келе мыналардай негізгі мәселелерге көңіл аударылды:

Президенттің бұл Жолдауы – қоғамдағы орын алған аса өзекті және жедел шешуге тиісті мәселелерге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардан тұратын оңтайлы жұмыс кешені болып табылады.

Қазақстан азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеру мен еліміздің ары қарай өркендей дамуы - алдымызға мақсат етіп қойған, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру стратегиясын іске асыруға кепіл бола алатын бір де бір мүмкіндік делінген.

Осы орайда Мемлекет басшысы аталған шаруаларды шешу жолдары тек -  сындарлы қоғамдық диалог пен мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылы арқасында ғана іске асатын айтып, сол негізді құптауға шақырғаны мәлім болатын-ды. 

Осы тұрғыда қажетті шаралардың барлығы жасалды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз қызметін бастап кетті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар қасындағы қоғамдық кеңестер және Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестері, сонымен қатар республикалық және өңірлік аймақтардағы бірталай диалог алаңдары да белсенділік таныта бастағаны байқалады. 

Бұндағы көкейтесті басты ұстаным: еліміздің даму сатысына қатысты мәселелердің барлығына қоғам мүшелерінің толыққанды араласуы қарастырылып, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайту арқылы – мемлекет тарапынан жүзеге асырылмақшы реформалардың ыждағатты әзірленіп, жалпыұлттық бірлігіміздің мызғымас қалыбын құюды көздеген. 

Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері - 

еліміздегі қордаланған сан түрлі өзекті мәселерді шешу үшін, бұқара халықты сындарлы диалогқа шақыру арқылы - жұртшылық белсенділігін көтеруді мақсат етіп отыр. 

Қазіргі таңда, қоғамның әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіншілік беретін жағдаяттың ең маңыздысы – еңбек өнімділігінің артуы болып саналады. Сонымен қатар, жастардың лайықты мамандық алып, өз мүмкіндігін кеңейтуіне жол ашып, кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету арқылы, олардың - мемлекет ұсынған бағдарламаларды игеріп кетуге ниет танытуын қалайды.   

Осы бастамаларды өркендету жолында еліміздегі табысты кәсіпкерлердің тәжірибесімен ортақтасып, халқықтың экономикалық сауатын ашып, әсіресе ауыл көлеміндегі жаңа жұмыс орындарының көбейе түсуіне ынталылық басым екені айтылды.   

Республикамыздағы қажырлы еңбек етіп жатқан Қоғамдық келісім кеңестері: өз тараптарынан Елбасы тапсырмалары мен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын өміршең ету барысында, яғни алға қойылған міндеттердің барлығы орындалуы үшін қоғамдық бақылау орнатып, оның нәтижелі болуын қамтамасыз етуді қолға алмақшы болып отыр. Осы орайда айта кеткен орынды, еліміз Елбасының сындарлы саясатының негізінде осындай қабырғалы мемлекет құрып, сабақтастықты жалғау арқылы: халық арасындағы бірлік пен келісімге еш нұқсан келмей, табыстан табысқа қол жеткізіп келе жатыр.  

Қазақстан халқының үкілеген сеніміне ие болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік құрылыстың соны кезеңіндегі стратегиялық бағытты сабақтастық негізінде жалғастырып, қалыптасқан саралы саясатты іске асыру үстінде. 

Форумдағы Үндеудің түп қазығы: Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы аталған істер маңына топтасып, сондай-ақ Жолдау міндеттерін жүзеге асыруға жұмылып, қуатты және гүлденген Қазақстанды өркендету – бүгінгі ұрпақтың тарихи миссиясы деп қадап айтылды.  

Заман Төлеуов

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...