Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының жетістігін бөлісті

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Ашық әңгіме
2163

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ортаншы ұлы Нарұлдың ат спортындағы жетістігі туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, ұлы Нарұл ат спортына қатты қызығады.

«Баласы бәйгеге шапса, анасы тақымын қысады» демей ме?! Шабандозыма сәттілік тілеймін! Жанкүйерлердің орындығында емес, ат үстінде отырғандай қобалжып отырмын. Қаны – қазақ. Иығы сынып, гипсте жүргенде де қайтпады. Атқа отырмаса да, атының астын тазалап, жем-суын беріп жүрді», – деді актриса.

Актриса артынша ұлының жеңіске жеткенін хабарлады.

«Құттықтауларға рақмет! Болашаққа деген көңілдеріңізден айналдым. «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» деген мақтау қағазымен марапатталып, жеңіс тұғырынан көрінді», – деп жазды Қайрат Нұртастың әйелі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бір үйді үш адамға сатып жіберген Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Жарылқасын Бола...