28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы
316

28 ақпан күні 9 аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады,  деп хабарлайды madeniportal.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.

Қарағанды облысының батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман шөгеді.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Шоу-бизнес

Отандық киножұлдыз, продюсер Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарл...

Қоғам

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейіт өз ана тілінде алмауының себептерімен бөлісті, деп хабарлады ma...