Кейінгі уақытта сахнадан сирек көрінетін Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы көпшілікті...
Ұлытау облысында жолда қалған автобустан 50 жолаушы құтқарылды
Фото: видеодан скриншот
2454
Ұлытау облысында автобус жолда бұзылып, 50 жолаушымен суықта далада қалған,деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус ақауға ұшырап, қатты боран салдарынан жолда қалып қойғаны белгілі болды.
Автобусты жөндеу жұмыстарын ЖШС қызметкерлері жүргізді. Сонымен қатар басқа ЖШС-нің арнайы техникасы жолды қардан тазартты.
ТЖМ қызметкерлері жолаушылары бар автобусты Қаражал қаласындағы №7 мектепке дейін сүйемелдеді, онда олар суықтан қорғалды. Автобус жүргізушісі қолының саусақтарын үсітіп алғандықтан, оған медициналық көмек көрсетілді және ол ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.