Желдің әсері Қарағанды облысында үйлердің шатырын ұшырып, электр желісін үзді

Фото: osken-onir

Ауа райы
336

Қарағанды облысында қарашаның ортасы болмай табиғат өзінің тосын мінезін танынып, өңірді әурелеп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев қатты жел Қарағанды, Саран және Абай аудандарында бес үйдің шатыры ұшырып әкеткенін, Осакаров ауданында электр қуаты желісі үзілгенін мәлім етті.

Әкімнің сөзінше, шатырлар жақын арада жөнделетін болады.

“Осакаров ауданында да электр қуаты қалпына келтірілуде. Мәселені бақылауда ұстап отырмын. Әкімдермен және жауапты тұлғалармен тұрақты байланыстамын” деді әкім желідегі жазбасында.

Қарағанды облысының білім басқармасы райының қолайсыздығына байланысты бүгін оқушылар қашықтан оқитынын хабарлады.

“Бірінші ауысым 0-11 сынып оқушыларының, 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі, Балқаш және Приозерск қалалары штаттық форматта оқиды” делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауысқан.

Сондай-ақ Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілген

Қоғам

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейіт өз ана тілінде алмауының себептерімен бөлісті, деп хабарлады ma...

Шоу-бизнес

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружа...