Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жүк қозғалысына шектеу қойылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ауа райы
1158

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарында республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

 

ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, Жамбыл облысында 13 қарашада сағат 17:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Түркістан облысында республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады.

ҚазАвтожол мәліметінше, 2024 жылғы 13 қарашада Абай, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру сұралады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...