3000 жыл бұрын жазылған ликиялық өлең қазақ тілінде

АУДАРМА
3070

Ликия (грекше Λυκία, латынша Lycia, Lycian Trm̃mis) - Кіші Азияның оңтүстігіне орын тепкен ежелгі мемлекеттердің бірі. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықта өзіндік мәдениетімен, тілімен, жазуы және сәулетімен ерекшеленген ликиялықтарды парсылардан бастап, Александр Македонский, римдіктер мен түріктер бірінен соң бірі бағындырды. Бірақ Ликия мемлекеті ежелгі империялардың құрамына кіре отырып, өз автономиясын ұзақ сақтады. Ал бүгін осынау ғажап мемлекеттің 3000 жыл бұрын жазылған өлеңін "Мәдениет порталы" қазақ тіліне аударып, оқырман қауымға ұсынбақ ниетте. Мархабат!

***
Ғасырыңнан мені іздеп таба алмасаң мұңайма,
мен қолданған заттарды көзің шалар қалайда:

паршалаған тастар мен жолдарды да табарсың,
мүсінді де мен жонған кезіктіріп қаларсың.

Мыңжылдықтар қапасын бұзып өтіп біздегі –
тым болмаса қауышар қолымыздың іздері...

Аударған Файзулла Төлтай


ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...