Соңғы бірнеше жыл бойы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде күні кеше ғана кеңестік деп...
Эдвард Мунктың «Айқай» картинасына мумияның қандай қатысы бар?
Норвегиялық суретші Эдвард Мунктің ең әйгілі картинасы «Айқай» бүгінгі күні де танымал. Бұл керемет сурет қалай пайда болды деп ойлап көрдіңіз бе?
Норвегиялық суретші Эдвард Мунктің 1893 жылғы ең танымал "Табиғат айқайы" картинасы, "Айқай" болып өзгертілгеннен кейін бірте-бірте метафизикалық хәлдің эмблемасына айналды. Ең қызығы, "Айқайды" салып жатқанда Мунк не ойлады? Өз күнделігінде: "Мен серуендеп жүріп қанды қызыл бұлттар мен аспандағы өртті көрдім. Сол күні қатты шаршаған едім, шарбаққа сүйенген күйім қою қара фьорд пен қала үстіндегі құбылысқа сілейіп қарап тұра бердім. Достарым әлдеқашан ұзап кеткен болатын. Табиғат-Ананың айқайынан денем түршігіп, жанымды қорқыныш бойлап алды" деп жазады.
Мунктің суретінің оқиғасы оның күнделігіне сүйене отырып осылай өрбігенімен, өнертанушылар бұл тақырыпқа мүлде басқаша қарайды. Мәселен ки, кей сыншылар "Айқай" - суретшінің суицидті деп есептесе, енді бірі мумияға қатысы бар деп санайды.
Бірінші нұсқаға келетін болсақ, "Айқай" картинасындағы көпір Мунктің әпкесі жатқан психикалық аурухананың жанында орналасқан көпір. Таңданатыны, Мунктің өміріне де депрессия мен психикалық ауытқушылықтың қалай әсер еткенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Екінші нұсқа бойынша, Мунк мумиядан шабыт алған деп санауға болады. Белгілі болғандай, Мунк Флоренцияға картина жасалғанға дейін бармаған, дегенмен оған Перудегі Уткубамба өзенінің маңынан табылған айқайлаған Чачапоя жауынгерінің мумиясы әсер еткен деген болжам бар. Яғни, суретші Парижде көрмеге қойылған Чачапояс жауынгерінің мумиясын көрген.
Десе де, Мунктың күнделігі немесе өнертанушылардың ойлары екі жаққа бөлінсе де, картинаның қандай оқиға негізінде салынғаны әлі күнге дейін белгісіз.