Суық түсті сұлу скульптуралар

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2280
Суретші Ханса Оп Де Бееканың жұмысы

Бельгиялық суретші және скульптор Ханс По Де Беек өзінің туындыларын әдейі көріксіз, көмескі түсте салады.


Жан-жақтан жарқ-жұрқ еткен жарнама тақталары мен арнасынан аса төгілген ақпарат тасқынына үйренген қарапайым кісі, мынадай түрсіз, өңсіз дүниенің парқын бір көргенде ажырата да алмайды. Әлдебір идеалдықты іздемей, көз қарықтырар бояусыз да әдемліктің нышанын танитын көрермен бар ма? 

Ұйқыдағы қыз (2017)

Мүлгіген кітапхана (2016)

Ханс Оп Де Беек (Hans Op de Beeck) жиырма жылға таяу шығармашылық жұмыс үстінде келеді. Осы ауқымды мезгіл аясында ол өзіне тән қолтаңбасын қалыптастырды. Ол көрермен назарын қалай аулау мен аудару әдісін жақсы меңгерді. Бір қарағанда күнде көріп жүргендей таныс, қарапайым нәрсені – өзге қырынан, мүлдем жаңа дүние етіп ұсыну шеберлігі таңдай қақтырады. Хансы видео жасау, акварельдік жұмыстармен де шұғылданады. Осылардың бәрінен де аса бір мәнерлілігі арқасында оның монохромдық-скульптуралары танымалдыққа қол жеткізді. 

Мүлгіген кітахана – фрагменті (2016)

Мүлгіген кітахана – әйел мүсіні (2016)

Көрерменнің күллі назарын жаулап алу жолында суретші – оны, өзінің әлеміне ұйықша тартып әкетеді. Ханс нақты өлшемі кісі бойымен және  сондағы детальдарға пара-пар, қандай заттан жасалғаны беймәлім құпия әлемді ұсынады. Әдейіленген бір түсті гамма арқылы - видео, фотография, сурет және скульптура сияқты алуан түрлі жиынтықтарды тұтастырып, керемет үндестікті тудырады. Суретші өзінің кейбір жұмыстарында – опера, би және театр секілді интерактивті элементтерді де пайдаланды. 

Бала мүсіні 2016

Ойын үстіндегі қыз бала (2016).

Хан Оп Де Беек түр-түсті мақсатты түрде құбылтатын себебі:төңіректің бәрі халтураға толып кеткендіктен ғана емес, ол өзінің туған еліндегі классиктерге айналған фламандық шеберлердің еңбектерімен тай-таласқысы келетін тәрізді. Егер XV—XVI ғасырлардағы майлы бояу шеберлеріне – сурет бояуының ашық және қанықтылығына қол жеткізетін, жүйесі күрделі болып келетін: мөлдір және күңгіртті бояу қатпарлары тән болса, Ханстың өз жұмыстарында сондай қанықтылықты тек қана сұрғылт, қара және ақ түстер арқылы аша алды.
Ым (2016)

Бау-бақты бөлме(2017). 

Бау-бақты бөлме – скульптуралық композиция (2016).

Скульптура (2016)

Кереует  сал, ал бөлме - теңіз (2018)

Баланың қолындағы шар (2016)

Ит (2012). 

Архитиптік ландшафтар(2016)

Акварель (2015).

Орман -акварель (2015).

 
Сырт аула (2013).

Үнсіз көрініс (2015).

Ханс Оп Де Беек (Hans Op de Beeck).


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...