БҚО-да 2 ер адамның егде жастағы әйелге істеген сұмдық ісі әшкереленді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1626

Батыс Қазақстан облысында егде жастағы әйелді бопсалаған екі адам ұсталды, – деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті облыс орталығының екі тұрғынын ұстады, олар егде жастағы әйелден 300 мың теңге талап еткен. Күдіктілер әйел адамды қорқытып, немересін аман-сау күйде көргісі келсе, тиісті ақшаны беруін сұраған. Немересі бұған дейін күдіктінің бірінің туысымен некеде болғандығы анықталды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер қылмыскерлерді ақшаны алып тұрған жерінде ұстады. Әйел оларға 50 мың теңге берген. Жәбірленуші бұған дейін оларға 200 мың теңге берген. Тергеу барысында күдіктілердің бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Олардың бірі жаза өтеу орнынан шыққаннан кейін небәрі 20 күннен соң қайта қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...