Әлеуметтік желінің "жұлдызына" айналған бала 1 балл жинады

Фотосурет inbusiness.kz сайтынан алынды

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
2432

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты пікір білдірді. 12 маусымда талапкер 93 балл жинаған, деп жазады madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.

Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ұлттық тестілеу орталығы Ерасыл Уәлиевтің екі рет тест тапсырғанын - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Олар, сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.

Бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл ғана жинап, әлеуметтік желінің "жұлдызына" айналған. Ол бұл туралы видеоны TikTok-тағы парақшасында жариялады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...