Ақтөбеде ҰБТ-ның әр балын 7 мың теңгеден саудалаған мұғалім анықталды

Фото: ҰТО

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
95

Ақтөбе облысының білім беру саласында ата-аналарды алдап, заңсыз әрекеттерге барған мұғалім анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құзырлы органдарға бір топ ата-ана арызданған. Олардың айтуынша, қалалық мектептердің бірінің мұғалімі Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) жоғары балл алып беруге уәде берген. Педагог бұл нәтижеге қалай қол жеткізетінін ашып айтпағанымен, әр оқушыға кемі 80 балл кепілдік берген, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

«Қызметі» үшін ол әр баллды 7 мың теңгеге бағалаған. Нәтижесінде бірнеше ата-ана мұғалімге 560 мың теңгеден берген. Алайда, жиналған қаражат тест нәтижесіне емес, мұғалімнің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Ақтөбе қалалық №2 сотында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, оның қылмысын растайтын банктік үзінді көшірмелер мен өзге де дәлелдер ұсынылды.

Сот үкімімен мұғалім «алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бостандығы шектелді. Дәл осы мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Дегенмен, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның негізінде, өтелмеген жаза мерзімі үштен бірге қысқартылды. Қорытындылай келе, сотталушыға 2 жыл 4 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

PESTEL

Зеленский Путинді Киевке шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Владимир Зелен...

ӘДЕБИЕТ

Көркем шығармалары көпке танымал, балаларға арнап жазатын санаулы қалам иелерінің ішінде есімі белгі...