Тоқаев Жапонияда білім алып жүрген қазақстандықтармен кездесті (видео)

Madeniet Portaly

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1003

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекет басшысы Жапонияның дамыған тәжірибесін зерттеу және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтті.

«Бұл сапар Қазақстан мен Жапония арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Біз цифрлық трансформацияға, инфрақұрылымды жаңартуға және экономикалық өсімді тұрақты дамытуға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асырамыз», – деді Президент.

Кездесуге қатысқан қазақстандық мамандар өз жетістіктерімен бөлісті:

- Серік Мейірманов – Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор;
- Арайлым Хасан – ARIA Consulting негізін қалаушы;
- Әбдібек Қалибек – Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті;
- Эльдар Төлеубай – Ailia компаниясының жасанды интеллект инженері.

Президент қатысушыларға алдағы жұмыстарында табыс тіледі және Қазақстанның цифрлық әрі инновациялық елге айналу жолындағы жоспарларын атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...