Индонезияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды, деп хабарлайды M...
Ерболат Досаевтың жұбайы жаңа компания ашты
Фото: әлеуметтік желі
Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы, кәсіпкер Гүлнар Досаева жаңа компания тіркеді. DOS&Co. Ltd. деп аталатын ұйымның капиталы 100 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Компания 14 қазанда Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Оның жалғыз құрылтайшысы — Гүлнар Досаева.
Қызмет сипаттамасына қарағанда, DOS&Co. Ltd. холдинг ретінде жұмыс істейді. Компания еншілес және үлестес кәсіпорындардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алып, иеленумен айналыспақ. Сонымен бірге топтың даму стратегиясын үйлестіріп, құрамындағы ұйымдарға корпоративтік және әкімшілік қолдау көрсетеді.
Гүлнар Досаева Forbes Kazakhstan басылымының 2026 жылғы ең ықпалды 25 әйел рейтингінде 13-орынға шыққан. Ал ең бай 25 әйел тізімінде оныншы сатыға орналасқан. Басылым оның дәулетін 61 млн долларға бағалаған.