Шымкентте бір университеттің сегіз қызметкері сотталды

Фото: Gov.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
600

Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі ірі көлемдегі жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты. Білім ордасының қаржысына қол салған сегіз адам жазаланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azattyq-ruhy-на сілтеме жасап.

Сот мәліметтеріне сәйкес, айыпталушылардың арасында жоғары оқу орнының лауазымды тұлғалары бар. Тергеу барысында анықталғандай, олар бюджет қаражатын талан-таражға салған.

Бас есепші 166 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған;

Қаржы департаменті басшысының міндетін атқарушы 100 млн теңгеден астам соманы иемденген;

Әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры сыбайластарымен бірге 320 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған.

Сондай-ақ, университеттің бірінші проректорына қатысты «Салғырттық» бабы бойынша айып тағылды. Оның әрекетінен мемлекетке 153 млн теңгеден астам шығын келген.

Шымкент қалалық сотының мәліметінше, жеті сотталушыға «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» (189-бап) бойынша айып тағылған.

«Сотталушылардың кінәсі сараптама қорытындыларымен және куәгерлердің айғақтарымен толық дәлелденді. Оларға 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және шектеу шаралары тағайындалды», - делінген сот хабарламасында.

Кейбір сотталушыларға қатысты рақымшылық заңы мен шартты жаза қолданылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...