Жұмыс істейтін әйелдер декреттік төлемнен қағылмайды

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
21

Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Депутаттың айтуынша, жұмыс істеп жүріп босанған әйелдерге алаңдауға негіз жоқ. Олар бала 1,5 жасқа толғанға дейін бұрынғы тәртіппен декреттік төлем ала береді. Бұл ретте отбасының табыс деңгейі ескерілмейді.

Ал жұмыс істемейтін әйелдерге қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді оларға төлем отбасы мұқтаж деп танылған жағдайда ғана беріледі.

Ләззат Қожахметтің түсіндіруінше, егер отбасының күнкөрісіне жеткілікті табысы болса, ал әйелдің жұмыс істеуіне денсаулығы мүмкіндік берсе, ол әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін. Мұндай жағдайда «А» және «Б» санатындағы әйелдерге төлем берілмейді.

Депутаттың мәліметінше, қазір «А» және «Б» санаттарына жататын 30 мыңнан астам әйел декреттік төлем алып отыр.

Шоу-бизнес

Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...