2026 жылғы ҰБТ: 233 мың талапкердің 76%-ы шекті балл жинады

Фото: Gov.kz

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
654

Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланар қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары, тестілеуді ұйымдастыру ерекшеліктері және талапкерлердің көрсеткен нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биылғы негізгі ҰБТ-ға 233 мыңға жуық талапкер қатысып, оларға тестілеуді екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Нәтижесінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинап, гранттар конкурсына қатысу құқығына ие болды. 

ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары – 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ нәтижелерін конвертациялау арқылы) иеленді. Сондай-ақ 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қажетті жағдайлар жасалып, негізгі ҰБТ-ға 800 адам қатысты. 

Қазіргі уақытта Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Талапкерлердің ҰБТ сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы тарихында алғаш рет қыз жауынгер қызметке кірісті. "Китан...