ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин сейсенбі күні Вашингтонның Венесуэладағы әскери...
Таразда оқушы қыздар тоғызыншы сынып оқушысына жабылып, соққыға жыққан
Фото: Pixabay
Таразда оқушы қыздар тоғызыншы сынып оқушысына жабылып, соққыға жыққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жақындарының айтуынша, қызға жеті оқушы қыз шабуыл жасаған. Олар кастет қолданған. Соққыдан кейін мектеп оқушысы екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.
Сондай-ақ жасөспірімнің туыстары шабуылдан кейін күдіктілердің туыстары тарапынан өздеріне қорқыту сөздері айтылып жатқанын мәлімдеді.
«Біз бұл мектепке жақында ғана ауысқан едік. Бір топ оқушы қыз қызымды кастетпен ұрып-соқты. Заң қайда?» — дейді видеодағы әйел.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Полицейлер төбелеске қатысқан барлық қыздардың анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушыларының ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
«Жасөспірімдердің әрекеттерін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарады. Олар профилактикалық есепке қойылды», — деп түсіндірді полицейлер.