Енді Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау сынағы жүргізілмейді, деп хабарлайды Made...
Оқулыққа өзгеріс: Мектеп оқушылары енді жыныстық қатынас туралы көбірек біледі
Фото: Pixabay
261
Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева депутаттардың биология оқулықтарына өзгерістер енгізу туралы жолдаған сауалына жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Депутаттар өз сауалында биология оқулықтарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ 7-9-сынып оқушылары үшін жыныстық тәрбие мен салауатты өмір салты бойынша міндетті модульдер немесе сабақтар әзірлеу мәселесін көтерген.
“Бұл тақырыптар биология пәнінің қолданыстағы оқу бағдарламасында қарастырылған. Атап айтқанда, онда репродуктивті денсаулық, адам физиологиясы және салауатты өмір салты мәселелері қамтылған”, – деп жауап берді Аида Балаева.
Бұл тақырыптар "Көбею, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және эволюциялық даму" бөліміне енгізілген және 25 оқу мақсатын қамтиды.