Министр білім грантынан тыс қалған талапкерлерге қандай мүмкіндік барын айтты

Фото: Getty Images

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
679

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грантқа түсе алмаған түлектерді қандай мүмкіндіктерді қарастыруға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Биылғы білім бәйгесінде бақ сынап, 77 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды. Егер сіз биыл мемлекеттік білім грантына іліге алмаған болсаңыз – бұл үміттің үзілгені емес! Грант – тек бір мүмкіндік. Ал сіздің бойыңыздағы талап, білімге деген құштарлық пен табандылық – нағыз жетістікке бастар басты күш. Мақсатына сенген адам ешқашан жарты жолда қалмайды. Айта кетейін, биылғы конкурсқа өтініш берушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды. Алайда, бүгінгі таңда білім алуға мүмкіндік беретін бір ғана мемлекеттік грантпен шектеліп қалуға болмайды. Сізге қолжетімді өзге де гранттар мен жеңілдіктер бар, - деді министр. 

Министр университетішілік ректор гранттары барын және белсенді, оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік жағдайы ескерілген талапкерлерге оқу орындары тарапынан берілетін арнайы жеңілдіктер туралы ақпараттарды жазған. 

2025 жылы мұндай гранттардың жалпы саны 2 000-нан асты. Мысалы, «Туран-Астана» университеті негізгі ҰБТ-дан 100-ден астам бал жинап, «Алтын белгі» иегері атанған талапкерлерге 4 жылдық ректорлық гранттар ұсынады. Ал Халықаралық туризм және меймандостық университеті 680 мақсатты грант бөліп отыр. Әлеуметтік аз қамтылған немесе сұранысқа ие мамандық иелерін дайындау мақсатында облыстық, қалалық әкімдіктер бөлетін білім гранттары. Мысалы, 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға 1 700-ден астам білім грантын бөлді. Жұмыс берушілердің арнайы гранттары жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында жасалған келісім негізінде ұсынылады және болашақ мамандарды жұмыспен қамту мақсатын көздейді, - деді министр.

Одан бөлек, елімізде жеке демеушілер мен қорлардың гранттары ретінде«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры биыл 500 грант ұсынған. 

«KAZENERGY» қауымдастығы Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен инженерия, IT, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша оқуға төлем жасауға қолдау білдіреді, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы «Murager» білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, ауылдық жерлерден шыққан жастарға уран өндіру мен өңдеу, геологиялық барлау, ядролық отын циклі, энергетика, экология және ғылым салаларымен байланысты бағыттарда гранттар ұсынады. Сонымен қатар кейбір талапкерлер гранттан бас тартуы мүмкін, осы кезде мүмкіндік келесі жоғары бал жинаған талапкерлерге беріледі немесе ақылы бөлімде оқуды бастап, кейінгі оқу кезеңінде оқу үлгеріміне қарай бос грантқа өтуге мүмкіндік бар, - деп жазды министр. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...