Президенттің қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Madeniporta...
Айыппұлмен құтылмайсыз: Жол ережесін қайта-қайта бұзатындарға жаңа тәртіп енгізіледі
Фото: ЖИ
Қазақстанда жол ережесін бірнеше рет және өрескел бұзатын жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын бір жылға тоқтату жоспарланып отыр. Бұл үшін жолдағы құқық бұзушылықтарды есептейтін балдық жүйе енгізу мәселесі қаралып жатыр, , деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта айыппұлдарды елемейтін және жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілер бар. Оларға қатысты жауапкершілікті күшейту үшін балдық жүйе енгізу пысықталып жатыр.
«Қазір айыппұлдарды елемейтін өрескел тәртіп бұзушылар бар. Олармен күресу үшін балдық жүйені енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Ол әрбір құқық бұзушылық пен оның ауырлығын ескеретін болады. Бірнеше рет және ауыр құқық бұзушылықтар үшін айыппұлмен қатар жүргізуші куәлігінің қолданысын бір жылға тоқтату қарастырылып отыр», – деді Ержан Саденов.
Жаңа жүйе бойынша жүргізушінің әрбір құқық бұзушылығы есепке алынып, оның ауырлығына қарай балл берілуі мүмкін.
ІІМ басшысының айтуынша, тиісті заңнамалық түзетулерді министрлік Құрылтайдың қарауына енгізеді.