К.Станиславскийдің әйгілі жүйесінде «кейіпкержандылық өнері» және «кейіпкерсындылы...
2022 жылдың көптен күткен 22 фильмі
Кино сүйер қауым үшін «Мәдениет» порталы 2022 жылы көрерменге жол тартатын көптен күткен әлемдік 22 фильмнің тізімін жинақтады. Мархабат!
«Бэтмен»
Көктемде актер Роберт Паттинсонды Мэтт Ривздің «Бэтменнің» кезекті үшінші фильмінен көре аламыз. Сонымен қатар, фильм барысында Зои Кравиц әйел мысық, Пол жұмбақ және Колин Фаррелл Пингвин рөлін сомдайды. Жаңа фильмде Бэтменның шығу тарихы баяндалмайды. Есесіне, көрермендер Брюс Уэйннің Готамның аңызға айналған қорғаушысы болғанын көре алады. Сонымен қатар көпшілікке 30 жастағы қара рыцарьды көру мүмкіндігі бар.
«Мен қызарамын»
Аталмыш туынды режиссер Доми Шидің (аты шулы «Бао» қысқаметрлі мультфильмі, «Оскар» сыйлығының иегері) Pixar студиясымен бірлескен толықметрлі дебюті болып табылады. Мультфильмнің сюжеті қытайлық тамырлары бар канадалық қыздың өмірбаянын және қызықты оқиғасын баяндайды. Бас кейіпкер толқыған сәтте немесе күйзеліс кезінде кішкентай жасөспірімнен үлкен қызыл пандаға айналады.
«13 өмір»
Оскар шорт-парағына енген шынайы оқиға, өткен жылдың ең жақсы деректі фильмдерінің бірі болып шықты. Фильм Тайландтағы су басқан үңгірден балалар футбол командасын құтқару жолындағы батырлықты баяндайды. 2018 жылдың маусым айының ортасында аймақта күтпеген жерден жаңбырлы маусым басталып, жаттықтырушы мен экспедицияға қатысқан он екі бала сол жердегі әйгілі Луанг үңгірін паналайды. Команданы құтқару операциясы халықаралық іске айналып, әр түрлі елдердің мамандары мен еріктілерін біріктірді. Фильмде Вигго Мортенсен және Колин Фаррелл жас футбол командасын құтқаруда ерлік көрсеткен сүңгуірлерді сомдайды.
«Варяг»
Туынды атмосфералық тарихи ортаны жақсы көретін және психологиялық қасіретті сиппаттаған режиссер Роберт Эггерстің жаңа жұмысы болып табылады. Бұл оқиға Исландияда X ғасырдың басында орын алады. Жаңа жерлерді іздеген қатыгез викингтер өз Отандарын тастап, басқа адамдардың аумақтарын басып ала бастайды. Фильмнің сюжеті оқиғалардың дәл ортасында серіктестерінен айрылған және олардың өлімі үшін кек алғысы келетін жас викинг Амлеттің төңірегінде өрбиді. Фильмде танымал Николь Кидман, Аня Тейлор-Джой, Итан Хоук сынды актерлер бой көрсетеді.
«Доктор Стрэндж: Мультиәлемдік ақылсыздықта»
Marvel студиясының 28-ші фильмі және хоррор атануға мүмкіндігі бар алғашқы фильм. Фильмде жанр ардагері Сэм Рэйми («Зловещие метрвецы») және Бенедикт Камбербэтч доктор Стрэндж пен оның егізі жақында ғана көрерменге жол тартқан «Өрмекші адам: үйге қайтар жол жоқ» фильмдерімен байланысын ашып жатса, Элизабет Олсен ақыры Скарлет сиқыршының бейнесіне енеді.
«Юра кезеңі әлемі: Үстемдік»
«Юра кезеңі әлемі: Үстемдік» алдыңғы фильмнің оқиғаларынан 4 жыл өткен соң орын алады. Онда генетикалық түрлендірілген динозаврлар АҚШ материгінде босатылады. Аталмыш фильмде бұрынғы туындыда бой көрсеткен Джефф Голдблюм, Сэм Нил, Лора Дерндарден бөлек жаңа актерлік құрамдағы Крис Пратт, Брайс Даллас Ховард, Джастис Смиттардың қатысатындығы фильмнің сөзсіз хитке айналатындығын дәлелдеуде.
«Тор: Махаббат және күн күркіреуі»
Marvel cтудиясының 29-шы супер қаһарман фильмінің сюжеті қорқынышты қарумен бірге Секираны қолды еткен найзағай құдайының оқиғасы төңірегінде өрбиді. Торраға Галактика сақшылары мен зұлым ретінде Кристиан Бэйл қосылады. «Оскар» сыйлығының иегері Тайка Вайтити режиссерлікке қайтып оралды. Ол Дженнифер Кейт Робинсонмен бірге сценарийлік жұмыстарға қатысты. 2018 жылдан бастап Актер Хемсворт пен режиссер Вайтити фильм идеяларын жаза бастады. Фильмнің атауы мен актерлер құрамы 2019 жылдың шілдесінде жарияланды. Түсірілім COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың тамыз айында басталған күннен бастап кейінге қалдырылды. Дегенмен, 2021 жылдың қаңтар айының соңында Австралияда басталып, маусымның басында аяқталды. Фильм АҚШ-та 2022 жылдың 8 шілдесінде прокатқа шығуға жоспарлануда.
«Оқтан да тез»
«Оқтан да тез» - Дэвид Личтің триллер жанрындағы болашақ американдық көркем фильмі. Аталмыш фильмде Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Сандра Буллок ойнайды. Фильмнің сценарийі АҚШ-та «Bullet Train» деген атпен танымал болған жапон жазушысы Котаро Исакидің «Өлтірушілер пойызы» романының желісінде жазылды. Фильмнің оқиғасы Токио – Мориоко бағытындағы жүрдек пойызда бес түрлі кәсіби адам өлтірушілердің бас қосқанымен басталады. Көп ұзамай олар өздерінің міндеттері бір-бірімен байланысты екенін біліп, оларды кім және ең бастысы не үшін жинағанын білуге тырысады. Жалдамалы өлтірушілердің арасында Брэд Питт, Джоуи Кинг, Зази Битс, Эндрю Кожи, Аарон Тейлор-Джонсон бар.
«Топ Ган: Мэверик»
Мэвер лақап атымен аталған Пит Митчелл 30 жылдан астам уақыт бойы әскери-теңіз күштерінің ең жақсы ұшқыштарының бірі болып қала берді. Аты аңызға айналған батыл сынақ ұшқышы жасы келген шағында мәңгілікке қонуға мәжбүр ететін атақтан бойын аулақ ұстайды. Күндердің күнінде «Топ Ган» түлектер тобын бұрын-соңды болмаған арнайы миссияға дайындай бастағанда, Мэвер өзінің марқұм досы лейтенант Ник Брэдшоудың ұлы лейтенант Брэдшоумен кездеседі.
«Топ Ган: Мэвериктің» прокатқа шығуы 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған болатын, бірақ кейінірек Том Круздың түсірілім кестесіндегі қақтығыстарына байланысты 2021 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды. Десе де, коронавирустық пандемияға байланысты фильмнің тұсаукесері екі мәрте кейінге шегерілді. Фильм прокатқа 2022 жылдың 25 мамырында шығуды жоспарлап отыр.
«Қара Пантера: Ваканда мәңгі»
Marvel Comics Black pantere баспасының кейіпкеріне негізделген американдық супер қаһарман фильмі. Marvel Studios кинематографиялық әлемінің отызыншы өнімі болып табылады. 2018 жылдың ақпан айында жарық көрген «Қара пантера» фильмінің жалғасын түсіру идеясы пайда болды. Қазан айында Райан Куглер режиссер және сценарист ретінде экранға қайта оралғанын мәлімдеген тұғын. Дегенмен, басты рөлдердің бірін сомдаған Чедвик Боузманның тоқ ішектің қатерлі ісігінен қайтыс болуына байланысты 2020 жылы фильмнің түсіру жұмыстары тоқтап қалды. Басшылық кейіпкерге жаңа актер іздеудің қажеттілігі жоқ деген шешімге келіп, қараша айында қалған актерлер өз рөлдеріне оралатыны расталды. Ал 2021 жылдың мамыр айында фильмнің атауы жарияланып, түсірілім жұмыстары Атлантада 2021 жылдың маусым айының соңында қайта жанданды.
«Аватар 2»
Он үш жылды артқа тастап Джеймс Кэмерон ойлап тапқан сиквелдің төрттен бірі «Аватар 2» жарық көрмек. Фильмнің премьерасы 2022 жылдың желтоқсан айында болады деп күтілуде. Әзірге Джеймс Кэмеронның түсірілім командасы Мариана ойпатындағы мұхитта дайындық жұмыстарын жүргізуде. «Аватар» фильмінің идеясы мен жалғасы Джеймс Кэмеронға фильм танымал болғанға дейін келді. Режиссердің жоспары бойынша фильмнің үшінші бөлігі 2017 жылдың соңында, ал төртіншісін 2018 жылдың соңында шығу керек болатын. Алайда түсірілім ұзаққа созылды, сондықтан екінші бөлімнің прокатталуы 2022 жылға жоспарланған. «Аватар 2» бюджеті 1 миллиард долларды құрайды, ал бірінші бөлім режиссерге 237 миллионмен шектелген болатын. Есесіне прокаттық табыс шамамен үш миллиард долларға жуықтады.
«Элвис»
Рок-н-ролл королі атанған Элвис Преслидің өмірі мен шығармашылығына негізделген биографиялық фильм. Оқиға Элвистің менеджер полковник Том Паркермен көпжылдық ынтымақтастығы және әйелі Присциламен қарым-қатынасы туралы баяндайды. Жоба алғаш рет 2014 жылдың сәуірінде, Баз Лурман фильм режиссурасы туралы келіссөздер жүргізіп, Келли Марсель сценарий жазған кезде жарияланды. Фильмнің одан арғы жұмыстары 2019 жылға дейін жарияланбады. Кейінірек полковник Том Паркер рөліне танымал актер Том Хэнкс тағайындалғаны, сценарий авторы Келли Марсель жаңа сценарийстер Крейг Пирс пен Сэм Бромеломмен ауыстырылғаны мәлім болды.
«Астероид қаласы»
Уэс Андерсонның алдағы фильмі 2021 жылдың тамызында түсіріле бастады. Онда басты рөлдерді Тильда Свинтон, Билл Мюррей, Адриан Броди, Том Хэнкс, Марго Робби, Скарлетт Йоханссон, Лив Шрайбер ойнайды. Фильмнің сюжеті жоба жетекшілерімен құпия түрде сақтаулы. Тек режиссер Уэс Андерсонның басқа фильмдеріне қарағанда аталмыш жоба ауқымды болады деген тұжырым бар.
«Жоқ»
Шығармашылығының бастамасында тек екі фильм үшін Джордан Пил американдық басты режиссерлердің біріне айналды. Оның жұмысын сценаристер гильдиясы ХХІ ғасырдағы ең жақсы сатиралық әңгімесіне негізделген сцераий деп атады. Пилдің режиссерлік дебюті 2017 жылы бокс кеңсесінде сәтті болған «Прочь» қорқынышты фильмін түсірген кезде өтті. Ол көптеген марапаттарға ие болды. Оның ішіндегі «Оскар» сыйлығының «Ең үздік сценарий», «Ең үздік фильм» және «Ең үздік режиссура» номинацияларын ерекше атап өткен жөн.
«Пышақтарды алу»
Райан Джонсонның Дэниэл Крейгпен бірге болашақ детективтік фильмі. 2019 жылы «Пышақтарды алу» фильмінің премьерасынан аз уақыт бұрын Райан Джонсон фильм бүкіл франшизаның бастауы болады деп мәлімдеді. 2020 жылы Джонсон сценарий бойынша жұмыс істей бастады, 2021 жылдың наурызында Netflix 469 миллион долларға «Пышақтарды алыңыз» құқығын сатып алды. Түсірілім 2021 жылдың маусым айында Грецияда басталды, сол жылдың қыркүйегінде аяқталды.
«Блондинка»
Өз кезеңінде қарапайым қыз Норма Джиннің барлық уақыт пен халықтардың басты секс-символына айналғаны және 36 жасында қайғылы түрде қайтыс болғандығы туралы әңгімелейтін фильм. «Блондинка» фильмі – 2010 жылдан бері дайындық кезеңінен шыға алмай келеді. Әр жылдары оған әр түрлі актрисалар қосылды, бірақ ақыр соңында табынушы жұлдыздың рөлі Ане де Армасқа бұйырды.
«Крид 3»
Metro-Goldwyn-Mayer студиясы «Крид 3» франшизасының үшінші бөлігі 2022 жылдың 23 қарашасында шығатынын ресми түрде жариялады. Сонымен қатар, алғашқы екі фильмнен айырмашылығы – режиссерлік жұмыс басты рөлді сомдаушы Майкл Б.Джорданға сеніп тапсырылды, ол үшін бұл жоба режиссерлік дебюті болмақ. Айта кету керек, бірінші «Крид: Рокки мұрасы» 2015 жылы экранға шығып, 173 миллион доллар табыс тапты, бюджеті бар болғаны 35 миллион долларды құрады. «Крид 2» фильмінің жалғасы үш жылдан кейін шығарылды және 214 миллион доллар жинады, бірақ ол 50 миллион долларға дейін өсті. Қалай болғанда да, екі жоба қаржылық жағынан сәтті болды, сондықтан үшінші бөлімнің жетістігінің қалай болатындығы уақыт еншісінде.
«Фабельмандар»
Режиссер Стивен Спилбергтің «Фабельмандар» атты жаңа фильмі 2022 жылдың 23 қарашасында АҚШ-та атап өтілетін Алғыс айту күні қарсаңында шығады. Фильм Спилбергтің балалық шағындағы оқиғаларға негізделеді. Спилберг фильмнің режиссері болды, сонымен қатар Тони Кушнермен бірге сценарийге атсалысты. Стивен Спилберг бұғанға дейін 2021 жылдың 10 желтоқсанында «Вестсайд оқиғасын» қалың көрерменге таныстырған болатын. Фильм режиссурасы, сценарийі, актерлік ойыны, музыкалық нөмірлері, операторлық жұмысы, техникалық құрамы және бастапқы материалға деген адалдығы үшін бағаланып, тіптен сыншылар фильмді мюзиклдің ең үздік экранизациялануы деп атаған тұғын.
«Гүлді айды өлтірушілер»
Сюжет Дэвид Гриннің романына негізделген, ол өткен ғасырдың 20-шы жылдарында Оклахомада болған нақты оқиғаны баяндайды. Жаңадан құрылған ФБР агенті Джон Эдгар Гувер мұнай кен орындары табылған аумақтағы үндістердің өлімін тергеуге келеді. Режиссер Мартин Скорсезе («Уолл-стриттегі қасқыр», «Ирландиялық») болашақ фильмге «Оскар» сыйлығының иегерлері Роберт Де Нироны үй иесі және Леонардо Ди Каприоны оның жиені ретінде бекітті. Оған себеп, екі артис те Скорсеземен бірнеше рет сәтті шыққан фильмерде бірге жұмыс істеген.
«Сұр адам»
ЦРУ-ның бұрынғы агенті Курта Гинтри басшылармен қақтығыстан кейін қызметтен кетіп, сұр адам лақап атымен кәсіби адам өлтірушіге айналады. Өз дағдыларын қолдана отырып, жаңа жұмысын оңай басқарып криминалдық ортада сұранысқа ие болады. Оның шынайы тұлғасын ЦРУ-ны тірі немесе өлі күйінде қайтаруға ниетті бұрынғы әріптесінен басқа ешкім білмейді. Бастапқыда режиссер Джеймс Грей әдеби нұсқаны экрандауды жоспарлады, ал Брэд Питт басты рөлге тағайындалған. Алайда белгісіз себептермен режиссер мен актер жобадан бас тартты. Олардың орнына келген режиссерлер Энтони мен Джо Руссо фильмнің франшиза боларына сенімді.
«Дэвид О.Расселлдің атауы жоқ жобасы»
Телевизиялық жобаның режиссері және сценаристі Дэвид О.Расселлдің өзі болды. Марго Робби «Дэвид О.Расселдің атауы жоқ жобаның» құрамына қосылды. Фильмнің өндірісі 2020 жылға жоспарланған, шығарылым күні, актерлер, сюжет және трейлер әлі жарияланған жоқ. Бұрын жоба телевизиялық сериал форматында шығуы керек екені болатын, бірақ кейінірек өндіріс проблемаларына байланысты режиссер картинаны толық метражды фильм форматына ауыстыруға шешім қабылдады.
«Вавилон»
«Оскар» сыйлығының иегері, «Одержимости» және «Ла-Ла Ленд» атты фильмдерімен танылған Дэмиен Шазелл бұл жолы тағы да Голливудтың алтын дәуіріне бет бұрады. Фильм сюжеті бойынша екі кейіпкер (оларды Марго Робби мен Брэд Питт ойнайды) дыбыссыз және дыбысты кино дәуірлерінің тоғысында болып, жаңа индустриалды жағдайда өмір сүруге мәжбүр.