Режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі үлкен экрандарда көрсетілмек

КИНО
1832

Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны. Аз ғұмырында бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандары жарық көрген. Аударма саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

«Мұқағали» фильмінен үзінді кадр

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келіп, 1976 жылдың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.

Биыл қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл. Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» фильміне оның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болды. Небәрі 45 жыл ғұмырында өлмес өлең жазып, өшпес із қалдырған ақын тірісінде лайықты бағасын алмады. Алайда өмірін шығармашылыққа арнаған ақын ешқашан мойыған емес.

«Мұқағали» фильмінен үзінді кадрРежиссердің айтуынша, туындыға М.Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары арқау болған. Фильмде Қазақ КСР Жазушылар Одағы кезекті жиналыста ақынның тағдырын шешкен сәтінен куә боламыз. 

Сондай-ақ режиссер бұл фильмнің идеясы 15 жыл көкейінде жүргенін жасырмады. Туындының түсірілімі 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталған болатын. Түсірілім жұмыстары Өскемен, Алматы және Санкт-Петербург қалаларында өтті.

«Мұқағали» фильмінен үзінді кадрБасты рөлдерді Асланбек Жанбалаев, Толғанай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бақытжан Қажымұқан, Раушан Мажитова, Бауыржан Қаптағай сынды актерлер сомдады.


madeniportal.kz

author

Мұқағали Мақатаев

АҚЫН

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...