Дело №1. Көрермен пікірі: «5:32»

КИНО
3958

Шыққанына көп уақыт болмай-ақ қазақ көрермендері арасында үлкен резонанс туғызған қазақстандық «5:32» сериалы жайлы алып-қашпа әңгіме өте көп. Бірі даттаса, енді бірі мақтайды. Бірі бұл киноны «боқтық сөздердің тізбегі мен бейберекет әрекеттердің жиынтығы» десе, бірі режиссерді «қазақтың Тарантиносы!» деп баға беріп жатыр. Қалай десек те, бұл біздің отандық туынды. «Мәдениет порталы» аталған сериал жайлы көрермен арасында сауалнама жүргізген болатын. Бірнеше бөлім болып жарияланатын сауалнаманың бірінші бөлімін нәзік жандыларға арналады. 

Сауалнама сұрақтары: 

1. "5:32" сериалын сіз не үшін көрдіңіз?

2. "5:32" сериалын басқаларға көруге ұсынар ма едіңіз? Неге?

3. "5:32" сериалынан жадыңызда қалған бір диалог

Айсұлу Бақтыгалиева, редактор:

1.Басында чисто для интереса бастағам, кейін реально көруге тұрарлық кино деп білдім. Өмірде бәрі кинодағыдай емес деген фразаның бұл сериалға дым қатысы жоқ екенін түсіндім.

2. Әрине, бұны бәрі білу керек. Себебі, қазір біз Инстаграмнан біреудің керемет өмірін тамашалап, көзіміз соған ғана байланып қалған. На самом деле бұл сериал реальный өмір біреулердің. Осыны қарап, сабақ алу керекпіз деп ойлаймын. Даже настаиваю!!!

3. Доктор: — Если у вас есть незаконченные дела, советую вам поторопиться

Маньяк ата: — Да, дел много.

Аманқос Сания. студент:

1. Қызық үшін

2. Иә, қызық сериал

3. - Водку будешь

Әлия Алаш, магистр, декреттегі ана:

1. Көргем жоқ. Үзінділеріне қарасаң қорқынышты сияқты. Ондайды көре алмаймын.

2. Осы сұраққа инстада пост жазып мен де жауап күткенмін. Тіркелушілерім де көрмеген сияқты.

3. - Беляши қанша тг?

- Екі тг.

- Ааа, онда маған біреу беріңізші

- Мә, ал.

- Шемішке қанша тг?

- 1 тг...

Ақмаржан Тілеген, магистр:

1. Алғашқыда "5:32" сериалы шықты дегенде қазақ кино туындысы екенін білмедім шыны керек. Күн санап көрермендері көбейіп жатқан сериалға ақырындап қызыға бастадым. Бірақ біздің кино саласында комедия болмаса басқа жанрларда актерлық шеберліктері кемшіл болып жататындықтан күмәнмен қарадым. Әй, қайдам,-деп. Сосын "5:32" 5 сүре 32 аят ашып көрдім де, ары қарай қатты көргім келді. Көрдім. Тоқтай алмай 3 сериясын бір деммен көріп тастадым. 4 серияны қатты күттім. Қазір 5 серияны күтудемін. 

Енді... айта алмаймын... актерлық шеберлік сөзбен жеткізу мүмкін емес, басқа шетелдік фильм қарап отырғандай боламын. Әрбір кейіпкердің ішкі күйін сезіндіре білген режиссер мен актерларға сөз жоқ. Браво дедім. Сенсеңіз 4 сериясын да екі қайта көріп шықтым. Шынайылық басым.

2. Басқаларға көруге ұсынамын. Бірақ не үшін деген сұрақ қойдым. Былай қарасаң "адам өлтіру, боқтық сөздер, қан.. бірақ, осы күнімізге шүкірлік ету үшін ұсынатын сияқтымын және сезім үшін , эмоция үшін басқасын өзім де түсінбедім шыны керек

3. - Бұны білсем отырмаймын ба сенің бастығың болып-Думан

 - К… қысшы, Шалқар!

Байболова Айнур Уриналиевна, магистр:

1. Блогердың ұсынысы бойынша

2. Жай ғана әдемі түсірілген сериал ретінде ұсынар едім, өйткені актерлер рөлін жаттанды емес шынайы ойнаған, өмірде болған оқиғалар барлығы, денені түршіктірер эпизодтар көп. Бірақ ой саларлық, көріп болғаннан кейін бір ой түйетіндей сериал ретінде ұсынбас едім, себебі үлгі аларлық ештеңе көрмедім. 

3. Есіме ештеңе түсіре алмадым

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...