Бүгінгі таңдағы жас киноматографистердің сәтті басталған шығармашылықтары тұрғысынан айтатын болсақ,...
«Руың кім?» фильмін түсірген компания депутаттар түртпегінен соң жабылды
коллаж Мadeniportal.kz.
Tiger Films қазақстандық кинокомпаниясының продюсері Алмат Шадмат кино түсіру жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, бұл шешім аяқ астынан қабылданбаған. Продюсердің атап өтуінше, Қазақстандағы киноиндустрия әлі де өте тұрақсыз, ал продакшн үшін қаржылық және беделдік тәуекелдер тым жоғары.
«БІз бұл шешімге аяқ асты келген жоқпыз. Қазіргі жағдайда кино түсіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ертең еркін, қысымсыз жұмыс істей алатынымызға сенім жоқ», — деді Шадмат.
Компания қазір постпродакшн кезеңінде тұрған жобаларын аяқтайды, алайда жаңа фильмдер шығаруды жоспарламайды.
Кетудің негізгі себептерінің бірі — «Руың кім?» фильмі төңірегіндегі резонанс. Продюсердің сөзінше, депутат Ерлан Саировтың картинаны көпшілік алдында сынауы студияның беделіне елеулі соққы болып, оның кейінгі жоспарларына әсер еткен.
Tiger Films төрт жыл ішінде 56 жоба шығарды. Олардың қатарында «Бишарашки», «Менің үлкен қазақ отбасым», «90-жылдарға қайта оралу» және өзге де танымал фильмдер бар.