«Қазақфильмде» Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығы атап өтілді

КИНО
3169

Күні кеше Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы аумағында атақты кеңес және қазақстандық кинематографистің 85 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қазақфильм» АҚ-ның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов өзінің жақындары мен кинематографист достарының ортасында туған киностудия қабырғасында мерейтойын атап өтті. Асанәлі Әшімов Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек», Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры», Мәжит Бегалиннің «Тұлпардың ізі», Қуат Ахметовтың «Сіз кімсіз, Ка мырза?» және Қазақстан кинематографиясының алтын қорына енген басқа да көптеген фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Асанәлі Әшімовке құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ақан Сатаев ашты, ол мерейтой иесі еліміздің мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқанын атап өтіп, денсаулық және үлкен шығармашылық табыс тіледі.

Көпғасырлық қазақ дәстүріне сәйкес, студия әртіске асыл қанды тұлпар сыйлады, сондай-ақ Төлеген Нұқытовтың «Өмірім-өнерім» атты жаңа деректі фильмінде Асанәлі Әшімовтың қатысуымен түсірілген үздік фильмдер жинағын сыйға тартты.

Киностудия қызметкерлерінен басқа, іс-шараға Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры Азамат Сатыбалды, режиссер Болат Қалымбетов, Nomad Stunts жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов, актерлер Бауыржан Қаптағай, Айдос Бектеміров және басқалар қатысты.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...