Қазақстандық қорқынышты фильмдер: соңғы жылдардың ең мықты 5 хорроры

Фото «Казахские страшные сказки»

КИНО
53

Қазақ киносы дегенде көпшіліктің ойына алдымен комедия жанры оралатыны рас. Алайда соңғы жылдары отандық кинематография жаңа бағыттармен толығып, жанрлық тұрғыдан кеңейіп келеді. Соның ішінде көрермен қызығушылығын арттырған — хоррор жанры. Бүгінде бұл бағытта бірнеше авторлық және коммерциялық жобалар түсіріліп, режиссерлер өз шеберліктерін сынап көруде.

Төменде сіздерге соңғы жылдары шыққан, сапалы түсірілген қазақ хоррор жанрындағы үздік 5 фильмнің тізімін ұсынамыз.

5. «Жезтырнақ» (2024)

Трейлер: https://youtu.be/6BIjbUGSSvg?si=mk7ydJg7FDatI3Vb

Атам заманнан аңызға айналған жезтырнақ — ұзын тырнақты, адамнан тыс күшке ие, қанмен қоректенетін құбыжық. Бүгінде оған ешкім сенбейтіндей көрінгенімен, фильм желісіне сай, олар адамдардың арасында жасырын өмір сүріп келеді.
Мирас сұлу да табысты Айнаға ғашық болады. Оның ата-анасы да бай әрі беделді әулетке құда түсетіндеріне қуанады. Алайда Айнаның отбасында ешкім білмейтін өте қауіпті құпия бар...ё


4. «Тастаймын-ау сені» (2024)

Трейлер: https://youtu.be/h6N4hCd1v8A?si=v6g8axctUnm_5_p0

Жарас пен Алмагүл он жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. Жарас — ірі компанияда қызмет ететін табысты азамат, ал Алмагүл — өзін жеке тұлға ретінде дамытқысы келетін, бірақ жұмыс істемейтін әйел. Ерінің материалдық қолдауына қарамастан, қамқорлық жетіспеуінен Алмагүл ішімдікке әуестене бастайды.
Бір күні масайған Алмагүл Жарасты бастығының алдында ұятқа қалдырады. Бұған төзе алмаған Жарас келесі күні оны ең тәжірибелі дәрігерлердің біріне емделуге жіберуге шешім қабылдайды. Бірақ бұл шешім оқиғаның мүлдем басқа бағытқа бұрылуына себеп болады.

3. «Анель» (2024)

Трейлер: https://youtu.be/X8THQebxn9c?si=Tph0UYfbASgK9VfQ

Лаура күйеуі Мади, қайын сіңлісі Зейнеп және 12 жасқа толған қызы Анельмен зәулім үйде бірге тұрады. Қызының туған күнінен кейін Лаура оның бойынан оғашдық байқап, Анельдің мінез-құлқы қорқынышты өзгерістерге ұшырай бастайды.
Алайда Мади мен Зейнеп Лаураның алаңдаушылығын мәнсіз деп санайды. Уақыт өте келе Лаура күйеуі мен оның сіңлісі бір нәрсені жасырып жүргенін түсініп, шындықты өздігінен анықтауға бел буады.

2. «Кәдет» (2024)

Трейлер: https://youtu.be/3KWQnXMdVNM?si=jG9vfsI_bds9k2ek

Жалғызбасты ана Алина ұлы Серікті әкесінің әскери атағының арқасында беделді әскери мектепке қабылдатуға қол жеткізеді. Бірақ мектептегі балалар оны сырт келбетіне байланысты мазақтай бастайды, ал директор бұл оқу орны оған жарамайды деп есептейді.
Көп ұзамай Серіктің мінезі түбегейлі өзгеріп, оқиға қорқынышты бағытқа қарай өрбиді.

1. «Жаным, ты не поверишь» (2019)

Трейлер: https://youtu.be/VfcRvT56hZI?si=63wckI2As2IRGXya

Фильм жас отбасының жанжалынан басталады. Жүкті жарының ашуына булыққан Дастан бір күнге болса да достарымен қыдырып, басын «тазартқысы» келеді. Бастапқыда бәрі жақсы басталғанымен, олар күтпеген әрі есінен тандыратын оқиғаларға тап болады.

Бұл фильм — хоррор элементтері бар қара комедия жанрындағы ерекше туынды.




Автор: Арнур Ауезханов

АЙМАҚТАР

Астана қаласының прокуратурасы медиа саласы өкілдері мен студенттерге құқықтық білім беру бойынша ал...

СҰХБАТТАР

- Ұларбек мырза! Сіз әдебиетке келгенде ең алдымен қалың көпшілікке ақын ретінде танылдыңыз. Поэзия...