«Томирис» тарихи картинасы 8-12 қараша аралығында Стамбулда өтетін Korkut Ata Turkic Wor...
Қзақстандық «От» әлеуметтік драмасы VI SIFFA халықаралық кинофестиваліне қатысуда
Сочидегі Олимпиада қаласында 6-9 қазан аралығында VI Сочи халықаралық кинофестивалі және Ирида кинопремиясы өтеді. Фестивальге қатысатын толықметрлі 12 фильмнің қатарында қазақстандық картина бар, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Режиссер Қанымбек Қасымбековтың қызы Айжан Қасымбектің «От» фильмі бастапқыда «Су» және «Ауа» қысқа метражды таспаларының альманахының бір бөлігі ретінде ойластырылған болатын. Бірақ кейінірек толық метрге ауыстыру жайында шешім қабылданды.
Картинаның тұсаукесері Пусандағы халықаралық кинофестивальде өтті. «От» жобасы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан қаржыландыру грантын жеңіп алды.
Фильм бүгінгі қоғамда өмір сүріп жүрген қарапайым адамның тарихын баяндайды. Үлкен мегаполисте өмір сүруге және отбасын асырауға тырысып жүрген отағасы Толик (Төлепберген Байсақалов) курьер болып жұмыс істеуде. Ол отбасын аз жалақыға асырай алмай, көптеген адамдар сияқты несие рәсімдеп, қарызға өмір сүруге мәжбүр. Бірақ сонымен бірге ол қызына үлкен үміт артады. Жұмыстан кейін үйге оралған күннің бірінде қызының жүктілігі туралы күтпеген жерден хабардар болады. Бұл жаңалық қызының болашағына арналған жарқын жоспарларды бұзады. Жағдайды шешуге тырысқан Толик бірқатар қиындықтар мен оқиғаларға тап болады.
Картинаның түсірілімі 2020 жылы Алматыда өтті. Фильмнің қоюшы-операторы Айгүл Нұрболатқызы мен режиссер Айжан Қасымбек бірнеше жыл бұрын Пусан кинофестивалі аясында тағылымдамадан бірге өткен болатын.
Фильмнің продюсері: «Пандемияға байланысты түсірілім түрлі қиындықтарға кезікті. Көптеген келісімшарттар бұзылып, локация таңдау мен бекітуде кедергілерден арылмадық. Бірақ біз фильмді кинофестивальдердің көрермендеріне ұсынуға қуаныштымыз. Алдымызда тағы бірнеше ірі кинофестиваль күтіп тұр», – деп бөлісті Диана Әшімова.