Қазақстандық актриса Самал Еслямова өз марапаттарының қоржынын тағы толықтырды. 2018 жылғы Канн фест...
Төрт мәрте үздік экрандалған «Макбет»
Ұлы драматург Уильям Шекспир шығармашылығындағы «Макбет» трагедиясы сан ғасырлар өтсе де күні бүгінге дейін орасан зор сұранысқа ие, мағыналық, мазмұндық, идеялық, философиялық астарлы тұстарымен өзгеше классикалық туындылардың жауһары саналатын құнды дүние. Мыңдаған режиссерлер мен сахна, экран майталмандары аталмыш пьеса негізінде түрлі тақырыптарды көтеріп, көрерменге «жаңа Макбеттің» озық үлгілерін үздіксіз ұсынып келеді. Аталмыш шығарма – ой мен сананың, қатігездік пен ізгіліктің, жан мен тәннің жанталасқан арпалысы, толастамас күресі.
2022 жылы экранда режиссер Джоэл Коэн классикалық шығарманы қайта жаңғыртты. «Макбет трагедиясы» фильмінің шығуына орай, madeniportal.kz осы уақытқа дейінгі экранизацияланған Шекспир трагедиясының үздік нұсқаларын жинақтады. Мархабат!
«Макбет» (реж.: Орсон Уэллс, 1948)
Орсон Уэллс Уильям Шекспирдің трагедияларына бірнеше рет жүгінгені белгілі. Американдық режиссер Шекспир мәтіндерін енгізуге деген ұмтылысын жоққа шығарды, оған жаңа ештеңе қосылмағанын айтты. Ауыр грим, күлкілі реквизит, арзанқол декорациялар, сондай-ақ актерлердің өз репликаларын кейінгі дыбыстауы фильмнің деңгейін төмендетіп тұрды. Дегенмен, фильмде ұтымды сәттердің болғаны анық. Фильмнің алғы сөзі ретінде ұсынылған сахнада мыстандардын пайда болуы көрермендерді үрейлендіреді. Сонымен қатар орта ғасырдың атмосферасы кейіпкерді өлімге душар етіп қана қоймай, Шотландия патшасына жақын адамдарды қараңғы жартастарымен және тұмандарымен тұншықтырады.
«Макбет» (реж.: Роман Полански, 1971)
Роман Поланскидің «Макбет» фильмінде театрландырылған мизансценаларды көрмейміз. Сонымен қатар, фильмге қоршаған контекст әсер етті: Чарльз Мэнсонның бандасымен аяусыз өлтірілген режиссердің әйелі Шерон Тейт қайтыс болғаннан кейін «Макбет» Поланскидің алғашқы фильмі болды. Шекспир пьесасы бойынша таспаны қаржыландыруды Хью Хефнер бастаған Playboy Productions қолға алды.
Мұндай зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің не екенін біліп, Полански Макбетті 70-ші жылдардың шындығына, дәлірек айтсақ, сол кездің жүйелік дағдарысына сәйкес қойды. Макбеттердің әдемі жұбы зұлымдық пен зорлық-зомбылық жолына түсіп қана қоймай өз қанын төгуге дейін барды. Полански жұмысының басты артықшылығы – ол Шекспир мен кино байланысқа түсетін нүктені сәтті тапты. Шотландияның кең экранды пейзаждары, қол камерасының қамал дәліздері арқылы өтуі барысында пьесаның кино тіліне қалай айналғанын көреміз.
Режиссер Полански дизайнның, композицияның, дайын визуалды шешімдер мен схемалардың алдын-ала ойластырылып қана қоймай, сонымен бірге өз уақытының қоғамдық толқуларына сәйкес трагедияны оқи білді.
«Қанды тақ» (реж.: Акира Куросава, 1957)
Жапондық дүниетаным кейде таңқаларлық түрде шетелдік мәдениеттің драмасын сезіне біледі. Достоевскийдің «Идиотын» сәтті экрандаған Акира Куросава одан әрі қарай жүрді. Оның түсінігінде «Макбет» Тосиро Мифуне, қантөгіс генерал ретінде Тор қамалындағы билікке қайтып оралады. Жапондық самурай үшін ар-намыстан артық ештеңе жоқ екендігі мәлім, дегенмен «Макбеттің» желісі бұл қасиеттіліктен аттап өтуге мәжбүрлейді.
Фильмде терең және ерекше сиқырлы символизм бар. Үш сиқыршының орнына – жұмбақ рух және тұтастай алғанда Куросаваның адам табиғатына деген пессимистік көзқарасы режиссерді ерекшелендіреді. «Қанды тақ» – бұл трагедияның таңқаларлық нәзік, поэтикалық және әдемі нұсқасы болып қана қоймай, самурай дәуірін ағылшын драматургиясымен үйлестіре білген фильм.
«Макбет» (реж.: Майкл Фассбендер, 2015)
Шекспир трагедиясының оннан астам экрандалуы – «Макбеттің» бірнеше рет түбегейлі қайта қарастыруын талап етті. Бірақ Джастин Курзелдің фильмі қазіргі Шекспир әлеміндегі маңызды қадамды жасаған болуы мүмкін – ол Макбеттің негізгі мотивтертерін сақтай отырып, классикалық трагедиялық канонға қайта оралтты. Режиссер театралдандырған көріністерден алшақтауды мақсат етіп қойғандай. Куросава мен Поланскийдің ізімен жүрген Курзель өз «Макбетінде» қантөгіс трагедияның кеңістігін кеңейтіп және оны кинематографиялық техниканың түрлі әдістерімен сүйемелдеп отырады. Мэрион Котилярмен таңғажайып тепе-теңдікті таба білген басты рөлдегі Майкл Фассбендер билікпен бұзылған тиранды да, әлсіз параноикты да керемет жеткізе білген.