Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
350

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады. Зардап шеккендер полицияға арыз жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл туралы Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«10 маусым күні сағат 14:57-де жедел жәрдем диспетчерлік пультіне көшеде белгісіз ер адамның жатқанын хабарлаған өтіп бара жатқан азаматтан қоңырау түсті. Алайда медицина қызметкерлері оған көмек көрсетуге әрекет жасаған кезде, ер адам агрессия танытып, бригадаға пышақпен қорқытып, оларға шабуыл жасамақ болды», – деп хабарлады ведомство.

Белгісіз азамат жүргізушіні соққыға жыққан. Кейін реанимобиль салонына кіріп, ішін бүлдірген. Ол дәрі-дәрмек салынған ампулаларды сындырып, медициналық жабдықтарды көліктен сыртқа лақтырып жіберген.

Зардап шеккендер полиция шақырып, шабуыл фактісі бойынша арыз жазған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...