Ресей Федерациясының Тюмень облысында Есіл өзені деңгейінің шамадан тыс көтерілуі тіркелді. ТЖМ өңір...
Бұршақ аралас жаңбыр мен +35°C-қа дейінгі аптап ыстық: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз
599
Қазгидромет РМК болжамы бойынша, 11 маусым, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы сипатта сақталады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Республика аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі.
Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, ал солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы аумақтарында аптап ыстық болып, ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.