Астанада Абай Құнанбаевқа арналған жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

КІТАПХАНА
1240

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай», «Абай. Стихи и поэмы» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қоғам қайраткерлері, абайтанушылар, әдебиеттанушылар мен ақын-жазушылар қатысты.

Жазушы Алмахан Мұхаметқалиқызының «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай» еңбегі романдағы кейіпкерлердің туыстық, тарихи, рулармен байланысын жүйелі түрде талдай отырып, көркем образдар мен тарихи тұлғалардың байланысын зерделейді. Кітап ұстаздар мен студенттерге және оқушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр. 

Сонымен қатар ақын-аудармашы Орынбай Жанайдардың «Абай. Стихи и поэмы» жинағында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының таңдаулы өлеңдері мен поэмалары орыс тілінде ұсынылған. Басылым ұлы ақынның мұрасын көпшілікке насихаттауға бағытталған. 

Аталған кітаптар мемлекеттік тапсырыс арқылы 3000 данамен жарық көрді және республикадағы кітапханаларға таратылмақ.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...