Қазақстандық оқушылар әлемдік робототехника олимпиадасында бақ сынап жатыр

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1257

Панама-ситиде FIRST Global Challenge халықаралық робототехника олимпиадасы басталды. Додаға әлемнің 190-нан астам елінен қатысушылар жиналды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биылғы чемпионат жаһандық экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және биологиялық алуадылықты арттыру тақырыбына арналған. Роботтар экологияны қалпына келтіруді модельдейтін тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайды: олар кедергілерді (бөгеттерді) жоюы, биоалуандылық бірліктерін ойын алаңындағы арнайы экожүйелерге жеткізіп орналастыруы және тепе-теңдік механизмдерін іске қосуы тиіс.

Осы жылғы іріктеу нәтижесінде 40 команданың ішінен құрамаға Алматы қаласындағы НЗМ ФМН 9–10-сынып оқушылары енді: Рашат Досымжан, Даулет Ілияс, Орынбасаров Әлихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл енді. Ұлттық құраманың жаттықтырушылары — Дулат Байтуленов, Нурдаулет Досмагамбет және Асылбек Мұрзахметов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды. Есіктің үстіндегі жалғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...