8 жастағы “жабайы бала” сұмдық жағдайда табылды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1861

Мамыр айында өтіп бара жатқан адамдар Ресейдің Краснодар қаласындағы Карасунская көшесіндегі үйдің терезесінен бала заттарды және қоқысты көлік үстіне лақтырып жатқанын байқаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Баланың жан айқайы мен әрекеттері оның көмек сұрап жатқанын аңғартқан. Оны көрген тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Үйге келген дәрігерлер мен полицейлер сұмдық көрініске тап болды: 8 жастағы арық, әлсіреген бала мен 45 жастағы анасы лас әрі қоқысқа толы пәтерде өмір сүріп жатқан. Әйел әлеуметтік қызметкерлерге өздері көшеге шықпайтынын және баланың үнемі балконда тұратынын айтқан. Бала мектепке бармаған, дәрігерге де көрсетілмеген. Ал оның әр қадамын бақылау үшін пәтер ішінде бейнебақылау камералары орнатылған.

21 мамырда полиция, қамқоршылық органдары мен дәрігерлер баланың жағдайын қайта тексеру үшін Карасунская көшесіндегі пәтерге тағы келген. Бұл жолы баланың анасы қатты қарсыласып, нәтижесінде Росгвардия күштері тартылған.

Баланы құтқарып, реабилитациялық орталыққа орналастырды. Анасы да қазір медициналық бақылауда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...