Белгілі актриса, продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінің сөзд...
Ақын Роза Аспанқызының жаңа кітабы жарық көрді
5704
Күні кеше ақын, аудармашы Роза Аспанқызының "47" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Ақынның бұл кітабы "Өнер" баспа үйінен мың дана болып шығып отыр. Мұқабасын Ермек Мейірбеков пен халықаралық деңгейдегі суретші Ербосын Мельдибеков жасаған.

Айта кетейік, Роза Аспанқызының "47" атты өлеңдер жинағының тұсаукесері Алматы қаласында 6 шілде күні, сағат 17:00-де, Гоголь-Қожамқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан "Пинта" ресторанында өтеді.