«Олар құрбы болмаған»: Марқұм Ұлдана Мырзуанның күйеуі өз шындығын айтты

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1619

Астанада қызмет барысында қаза болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі әлеуметтік желідегі даудан кейін алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сұхбат барысында марқұмның күйеуі Әділет Зейнел мен оның анасы жауап берді. Сұхбат "Қаймақкз" арнасында жарияланды.

"Біз сәуір айының соңы тіпті мамыр деуге болады сол кезден бастап араласып бастадық. Ол да сол жедел жәрдемде жұмыс істейді бірақ та барлығы айтып жатып жатқандай екеуі ешқандай құрбы болмаған. Тек екі жылда бір рет қана кезекшілікке бірге түскен. Алайда бірге құрбы болып бірге шықпаған. Осылай күліп жүргенімнің арқасы ол Алла сосын анам және әйелім дегім келеді. Себебі ол мені өмірге деген құштарлығымды қайта оятты. Онымен бірге жаңа белестерді бағындырғым келеді", - деді Әділет Зейнел.

Әділет Зейнел әлеуметтік желілерде тараған үйлену тойы, қалыңдықтың жүкті болуына байланысты бірінші жұбайының қайтыс болғанына бір жыл толмай тұрып әдейі ертерек өткізілді деген қауесеттерге де пікір білдірді. Алайда Зейнел бұл ақпаратты тікелей растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

"Қазір барлығы оның екі айлық жүктілігі жайлы жарыса жазуда. Бұны бір Аллаға тапсырдым. Алла жазса солай болсын. Сол кезде менен бақытты адам болмас еді. Ұлымды не қызымды барлығына көрсетер едім", - деді марқұмның күйеуі.

 

 

Шоу-бизнес

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ләйсирә Марат суррогат ана арқылы дүниеге келген балалар...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде Аша Матайдың күйеуі, әнші Арман Қоңырдың Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы...