Актер Алмат Сақатов жәрдемақы туралы заңдағы өзгерісті сынады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
142

Танымал актер Алмат Сақатов бала күтімімен отырған әйелдерге берілетін жәрдемақы мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды MadenipPortal.kz.

Алмат Сақатов қазіргі таңда осы мәселеге қатысты заң қарастырылып жатқанын айтып, жәрдемақы мөлшеріне қатысты өз ойын жеткізді. Актердің жазбасынан заңдағы өзгеріске келіспейтінін түсінуге болады. 

«Есі дұрыс заң шығарыңдаршы. Қазір заң қарастырып жатырмыз дейді. Жағдайы бар әйел бала туса, аз ақша алады. Жағдайы төмен әйел бала туса, көп ақша алады дейді.

Айналайын, жанталасып күндіз жұмыс істеп, бай болған, жағдайын жасаған әйелдің қандай кінәсі бар? Немесе күйеуі жұмыс істесе, қандай кінәсі бар? Екеуі де 9 ай 9 күн толғақпенен көтеріп жүріп, туады екеуі. Әр баланың өз несібесі бар», – деді актер.

Актердің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары оның сөзін қолдап, пікірлерін жазды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Toyota Alphard жүргізушісі әкімшілік жауап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу т...