Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Фото: "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі

ӘДЕБИЕТ
1287

Атырау қаласында көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің оқушылары ақынның "Алыста мұнарланған тау шыңдары", "Шіркін, сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!", "Салқындап саясында самал көлдің" атты өлеңдерін оқып, ұлы жерлестеріне деген құрметтерін білдірді.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде ақын шығармашылығының ерекшелігін атап өтті:

"Кейде Жұмекеннің шығармаларын жұмбақ дейді. Шын мәнінде, олар жұмбақ емес, терең мағыналы, философиялық, ой жүгіртуді қажет ететін дүниелер", - деді ол.

Салтанатты шара соңында ақынның қызы Қарлығаш Нәжімеденова әкесінің рухына құрмет көрсетіп келген барша азаматтарға алғысын білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...