Апелляциялық саты Түркістан облысының тұрғынына қатысты үкімді қайта қарады. Ол өзінің қарт әкесін ж...
«Жол бермедің»: Алматыда жүргізуші қарсыласын бір соққымен құлатты (ВИДЕО)
видеодан скрин
Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы Forum сауда орталығының маңында екі жүргізуші арасында жанжал шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, қара түсті ROX көлігінің жүргізушісі кері бұрылып, көлік ағынына қосылмақ болған. Алайда оған жол берілмеген. Осыдан кейін ол жәбірленушінің көлігін қуып, тоқтатуға тырысқан.
Екі көлік тоқтаған соң, жәбірленуші жағдайды сөйлесіп шешу үшін көліктен шыққан. Сол кезде ROX жүргізушісі оған жақындап келіп, бетінен соққы жасаған. Ер адам асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Куәгерлердің айтуынша, ол жерде жатып құрысып қалған. Оған өтіп бара жатқан адамдар көмек көрсеткен.
Болжамды шабуыл жасаған жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнынан кетіп қалған. Жәбірленуші есін медициналық көлікте жиған.
Қазір ер адам полициядан оқиғаға қатысы бар жүргізушіні анықтап, оны заң аясында жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.