Таразда республикалық ақындар айтысы өтеді

ӘДЕБИЕТ
3353

Таразда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 85 жылдығын мерекелеу аясында және ақынның туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Айтысты ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Жыр додасына республиканың барлық аймағынан 16 ақын қатысады. Айтысты жүргізушісі – белгілі ақын, Парламент депутаты Аманжол Әлтаев.

Айтыс 1 наурыз күні А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...