«Монғолия қазақтарының театр тарихы» атты көлемді энциклопедиялық жинақ жарық көрді

МӘДЕНИЕТ
2167

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өнертанушы, жазушы Тайф Тәукейұлының «Монғолия қазақтарының театр тарихы» және «Керуен ғұмыр» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, «Монғолия қазақтарының театр тарихы» кітабында Баян-Өлгейдегі ұлттық театрдың қалыптасуы, оның негізін қалаушылар, әр кезеңдегі дамуына атсалысқан тұлғалар туралы баяндалады.

Қазақ драма театры халыққа рухани азық берген қасиетті өнер шаңырағы болған. Театр сахнасында жергілікті қазақ жазушыларының, моңғол, қазақстандық және шетелдік драматургтердің көптеген туындылары сахналанған.  Мәдениет ордасының дамуына Қазақстаннан шақырылған мамандар көп үлес қосқан.  Энциклопедиялық жинақта бұл туралы егжей-тегжейлі айтылады.

«Керуен ғұмыр» кітабы – Моңғолияның түрлі аймағында 30 жылдан аса мекендеп, еңбек еткен отандастардың тағдыры туралы.

«Монғолия қазақтарының театр тарихы» атты көлемді энциклопедиялық жинақ мемлекеттік тапсырыспен, Алматыдағы «Дәуір» баспасынан жарық көрген. «Керуен ғұмыр» ғылыми-көпшілік кітабы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Отандастар» қорының қолдауымен басылып шыққан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...