«Сұлтанның қызы»: Бүгін танымал тележүргізушінің туған күні

Сурет ашық дереккөзден алынған

Қоғам
2707

18 қараша - Астана қаласы мәслихатының депутаты, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және халықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, тележүргізуші, продюсер, медиа-менеджер, танымал журналист Ләйла Сұлтанқызы СЕҢГІРБЕКОВАНЫҢ туған күні, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Туған күніңмен, Сұлтанның қызы», - деп жазды туған күн иесі әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол өз туған күнінде баспанасыз отбасыға үй сыйлауға ниеттенгені туралы жазған. Ол мұны қордың көмегімен жүзеге асырмақ.

Л. Сұлтанқызы 1977 жылы Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Шаһар» телеарнасының продюсері болып бастап, «Hit TV»арнасында директор, «Қазақстан» РТРК АҚ продюсер лауазымдарымен жалғастырды. «KazMedia Mobile» ЖШС бас директоры, «Кино+Сериал» баспасының бас редакторы. 2017 жылға дейін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы және жүргізушісі, «Балапан» телеарнасының директоры болды. «Jibek Joly» телеарнасындағы «Сұхбат. Ләйлә Сұлтанқызымен» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі уақытта көмек сұрап келген үш баланың...