Қарасай ауданында 18 жастағы қызды танысы зорлап, үйінің алдына тастап кеткен

Ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
252

Қарасай ауданында 16 желтоқсан күні 18 жастағы қызды оның  танысы зорлап, ұрып-соғып, есінен танған күйі есік алдына тастап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Немолчи.кз қоры мәлімдейді.

«Қыз жұмыстан келетін уақытта келмеген. Туыстары уайымдап, полицияға хабар береді. Сол уақытта үйде қалған кішкентай сіңлісі есікті қаққан дыбысты естиді. Қараса, жерде ес-түссіз әпкесі жатқан. Ауыр соққыға жығылған, денесі кір-қожалақ, шаштары адам төзгісіз күйде болған. Қыздың айтуынша, оның танысы оған кола ұсынған, ол бар болғаны бір-екі жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Алкогольдік ішімдіктің иісі болмаған, бірақ жәбірленуші есінен айырылған күйде, шок жағдайында болған. Полиция «Өзің көлікке отырдың» деп қызды кінәлай жөнеліпті. Қыздың туыстары іс тоқтатылып, күдікті жауапкершіліктен құтылып кете ма деп қорқады. Бұл жағдайға бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ қазірге дейін қажетті сараптамалар жасалмай, биоматериалдар алынбаған.

Күдікті азамат бостандықта жүр және әлі күнге дейін қамауға алынбаған», - деп жазады қор.

Заңгер бұл істі прокуратураның өз бақылауына алуын сұрады. Қазіргі кезде қыздың туыстары бұл іске қатысты адвокат жалдаған.

«Құқық қорғау органдары зорлаудан әрең аман қалған қызды бөлімшеде ұстап отырған. Оған конвой жіберемін деп қоқан-лоққы көрсеткен.

Бұл оқиғаға қатысты әділ тергеу жүргізіліп, күдіктілер жауапқа тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдарының іс-әрекеті қатаң тексеріліп, жәбірленушінің құқығын бұзу фактілері бойынша шара қолданылуы қажет», - деп жазды Дина Таңсәрі.

ТАНЫМ

Ұйқыдан оянғаннан кейін бірқатар әрекеті жасамаған дұрыс, себебі олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмк...

Заң

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі д...