Келер жылы елімізде цирктер жұмысын тоқтатуы мүмкін – Экология және табиғи ресурстар министрі

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2547

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келесі жылы Қазақстанда көшпелі цирктің дәурені аяқталатынын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Шын мәнінде, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарлардың, көшпелі хайуанаттар бағының, жылжымалы океанариумның көрмесіне тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан, келесі жылдың 1 қаңтарында көшпелі цирктердің, хайуанаттар бағының қызметі тоқтайды деп ойлаймын», - деді үкіметте өткен брифингте Ерлан Нысанбаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ирактың Iraqi Airways әуе компаниясы елдің бұрынғы президенті Саддам Хусейн пайдаланған Boeing 747-S...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. ...