Шу қаласында жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырған дәрігерлердің ісі әшкереленді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2583

Шу қаласында дәрігерлер жүкті әйелдің өлімін жасырған, деп хабарлайды madeniportal.kz Todayinfo.kz  инстаграм аккаунтына сілтеме жасап.

Аяғы ауыр келіншек 5-ші наурыз күні, жүктіліктің 34-ші аптасында түсік қаупі болып, Шу қаласындағы көпсалалы ауруханаға келген.

9-шы наурыз кешке жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Ал 10-шы наурыз күні дәрігерлер ота жасап, іштегі өлі туылған нәрестені алған.

Содан бері келіншек жан сақтау бөлімінде болған. 2 күн өткеннен кейін, есін жимастан қайтыс болған. 

Полицияға және облыстық денсаулық сақтау мекемесіне ешқандай ресми мәлімдеме жібермеген. 

Қажыған күйеуі әйелін жан сақтау бөлімінен жанұшыра іздейді.

Аурухананың әр есігін ашып, өліксе иіс шыққан жаққа барып, әйелінің ісінген денесін аурухананың техникалық жертөлесінен табады.

Ең сорақысы, дәрігерлер денені мәйітханаға тапсыруды ойламаған да.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...